Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Олар үшін Құран кітаптың жоқтығы хафыз болуға кедергі емес... (ФОТО)

12.12.2014 5499 0 пікір

Нигерия. Әлеуметтік және материялдық қиын жағдайға қарамастан мұнда дінге деген құштарлық ерекше. Әйтеуір дін үйрену үшін оқушылар осынау медреселерде қандай жағдайға болсын төзіп, сабырмен ілімге ден қоюда. Жан-жақтан жиналған шәкірттердің ата-аналары да балаларын медресеге әкеп тастағаннан кейін кейбіреуі балаларымен бірнеше жылдан кейін бірақ көріседі. Себебі, ұзақтағы ауылына барып қайтуға материялдық жағдай мүмкіндік бермейді.

Құран жаттатып, шәкірттерді хафыз қылып шығаратын бұл медреселерде Құран мұсхафының жетіспеушілігі де олардың ілімге деген ынта-ықыласын мен құштарлығына нұқсан келтіре алмайды. Оның орнына шәкірттер ағаш тақтайлар қолданып, оның бетіне Құран аяттарын жазып, жаттап, жаттағандарын да зімпарамен (наждак қағаз) қырып өшіріп, жаңадан қолданады. Кей кездері талғажау етерлік дүние де табылмай жатады. Мұндай кездерде оқушылар қала орталықтарына шығып, бір нанды өздерімен бөлісіп жейтін жандар іздеп кетеді. Десек те, осындай қиыншылықтың нәтижесінде жыл сайын қаншама хафыз тәрбиеленіп шығуда. «Ілім сабырмен келеді» деген осы шығар бәлкім.

Құранды кітабы болмай, тақтай үстіне жазып жаттап жүргендердің бұл жағдайы үйінде Құраны бар да, бірақ өмірі бетін ашып көрмегендер үшін үлгі болсын...

«Пайғамбар: «Уа, Раббым! Қауымым, шынында, бұл Құранды тәрк етіп, тастап қойды», – деді» (Фурқан сүресі, 30-аят).

islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру