Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада республикалық экологиялық еріктілер форумы өтуде

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры 16.11.2026 241 0 пікір
Қызылордада республикалық экологиялық еріктілер форумы өтуде

Қызылордада ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Аралды қайта жаңғырту» V республикалық экологиялық еріктілер форумы өтуде. 

Ауқымды шараны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры жанындағы «Қайырымдылық жаршылары» (QJ) еріктілері мен Қызылорда облысының жастар ісі секторы бірлесіп ұйымдастырды.

Форумның басты ұраны — «35 жылдыққа 35 мың түп ағаш». Жиын барысында Арал теңізінің тартылған ұлтанын көгалдандыру және шөлейттенудің алдын алу мәселелері талқыланып, спикерлер өңірдің экологиялық картасы мен ағаш отырғызу жоспарларын таныстырып жатыр. Алдағы уақытта 20 өңірден жиналған еріктілер, жастар және қоғам белсенділері бірлесіп, 35 мың түп көшет отырғызу бастамасын жүзеге асырмақ.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру