Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында «Аталар мектебі» кездесуі өтті

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.10.2026 48 0 пікір
Алматы облысында «Аталар мектебі» кездесуі өтті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Туғанбай ауылындағы мешітте Қарттар күні қарсаңында «Аталар мектебі» тағылымды кездесуі өтті.

Жиынға Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы мен ауылдың ардақты ақсақалдары қатысты. Басқосу барысында «Ислам және адал қоғам» тақырыбында келелі әңгіме өрбіп, дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақ тәрбиесі және қоғамдағы ақсақалдар институтының маңызы сөз болды.

Кездесуде облыстың бас имамы қарияларға құрмет көрсетіп, олардың елдің рухани өміріндегі орнына тоқталды.

Сонымен қатар Қарттар күні қарсаңындағы кездесуде облыстың бас имамы ауыл ақсақалдарына «MUFTYAT» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен», «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітаптары мен Құран Кәрімді сыйға тартты.

Жиын соңында ауыл ақсақалдары ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.

Тағылымды басқосу өзара сыйластықты арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және қариялардың қоғамдағы өнегелі рөлін дәріптеуге ықпал етті.

 

 



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру