Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте діни дүкен иелерімен кездесу өтті

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 29.09.2026 76 0 пікір
Шымкентте діни дүкен иелерімен кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, Мүфтият баспасының директоры Батыржан Мансұровтың қатысуымен Шымкент қаласындағы мешіттерге қарасты діни дүкен иелерімен кездесу өтті.

Жиында Батыржан Берденұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, Мүфтият баспасының жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы айтып өтті.

Кездесу барысында діни дүкен иелерімен Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптарды халық арасында кеңінен насихаттау, оқырманға жеткізу және сатылымын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Осы бағытта өзара ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар Мүфтият баспасының Шымкент қаласындағы өкілі Мұхамеджан Естеміров атқарылып жатқан жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер жөнінде баяндама жасады.

Кездесу соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының атынан арнайы келген Батыржан Мансұровқа алғыс білдіріліп, ризашылық айтылды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Мүфтият баспасынан түрлі тақырыптарды қамтитын 90-ға жуық кітап жарық көрді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру