Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.09.2026 124 0 пікір
Шымкент: «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласы Абай ауданындағы «Кенесары хан» мешітінің ұйымдастыруымен тазалық шарасы өтті.

Игі шараға Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Абай ауданының Бас имамы Мұхамеджан Естеміров бастаған аудан имамдары мен мешіт жамағаты қатысты.

Шара барысында тазалық сақтау, мәдениеттілік, қоршаған ортаны қорғау және жастарға тәлім-тәрбие беру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына Абай ауданына қарасты 30 мешіттің имамдары мен еріктілері атсалысты.

Сонымен қатар шара барысында жергілікті «Отырар» телеарнасы, «Оңтүстік» телеарнасы және «Шымкент келбеті» газетінің тілшілеріне сұхбат берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру