ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Абай облысына арнайы іссапармен барып, бірқатар кездесулер мен уағыз-насихат шараларына қатысты.
Іссапар барысында Абай облысының орталық мешітінде жамағатпен жүздесіп, құптан намазынан кейін уағыз айтты. Сонымен қатар өңір имамдарының білім жетілдіру семинарына қатысып, екі күн қатарынан «Шариғат негіздері», «Ислам құқығы» тақырыптарында дәріс оқыды.
Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Адалдықтың жаршысы – Мұхаммед» атты рухани Мәуліт кешіне арнайы қонақ ретінде қатысып, жиналған көпшілікке тағылымды уағыз-насихат айтты.
Бұдан бөлек, «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінде жұма уағызын айтып, жамағатпен жүздесті.
Іссапар аясында «Мұнара» телеарнасының Абай облыстық филиалында «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасына қатысып, діни мәселелерге қатысты түсіндірмелер беріп, шариғат үкімдерін баяндады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
18.09.2026
65
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру