Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Қаратау ауданында бір қатар шаралар өтті

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 18.09.2026 153 0 пікір
Шымкент: Қаратау ауданында бір қатар шаралар өтті

Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы «Байғұт баба» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының тапсырмасымен имамдардың біліктілігін арттыруға арналған көшпелі семинар және «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» атты рухани-тағылымдық іс-шара өтті.

Жиынға ауданның Бас имамы Ербол Тастанбекұлы, қалалық орталық мешіттің наиб имамы, қала бойынша оқу-ағарту бағытына жауапты Қазыбек Сарыбаев және «Дәстүр және отбасы» бағытының кураторы Ахметжан Пірәліұлы, сондай-ақ аудан мешіттерінің имамдары қатысты.

Семинар барысында оқу-ағарту жұмысының маңызы, мешіттерде діни сауат ашу курстарын тұрақты жүргізу және «Ислам және адал қоғам» жылы аясында отбасы құндылықтарын насихаттау мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар мешітте некесі қиылған жас отбасыларға арналған рухани кездесу ұйымдастырылып, оларға неке куәліктері табысталды. Шара барысында отбасы берекесі, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы мен жауапкершілігі туралы тағылымды насихат айтылды. Сондай-ақ жас отбасылардан дүниеге келген сәбилерге азан шақырып, ат қою рәсімі жасалды.

Бұдан бөлек, ҚМДБ тапсырмасына сәйкес мешітте жұмыс істеп тұрған «Отбасылық кеңес беру» бөлмесінде ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушіліктерге байланысты кеңес беру кездесуі өткізілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру