Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мәуліт айының құрметіне өткен рухани кеште Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы видео арқылы құттықтап, адамдарды Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) насихаттаған адалдық жолына, адамгерлішілік пен еңбекқорлыққа, сондай-ақ Құран Кәрімді құрметтеуге шақырды.
Зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен мешіт жамағаты, имамдар мен қала тұрғындары қатысқан Мәулітке арналған мерекелік шарада адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтылды. Театр және кино актерлары сахналық қойылымдар қойса, эстрада әншілері иләһи әндер мен термелер орындап, Пайғамбарға деген сағыныштарын әнмен жеткізді.
Рухани кеште мәуліт сыйы табысталды. Сонымен қатар кеш қонақтарының Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолымен VR технологиясы арқылы танысуына мүмкіндік берілді. Алматылықтар мұны ерекше ықыласпен қабылдап, ризашылығын білдірді.
Мүфтият баспасынан шыққан кітаптар оқырман назарына ұсынылып, қала тұрғындарына Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сағыныш хатын жолдауға мүмкіндік жасалды. Әсерлі хаттар легі толассыз жазылып, белгіленген қалтаға салынды. Бұл мәуліт бұрынғы мәуліттен өзгешеленіп, бас сарайға жиналған қала тұрғындары мен қонақтар ұзақ қимай қоштасты.














































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
azan.kz
14.09.2026
10
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру