Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, наиб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, «Зекет және қайырымдылық қорының» қаладағы өкілі Айбек Азимбаев және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының мешіт имамдары қатысып, қайырымдылық шарасына үлес қосты.
Акция барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 500 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары, атап айтқанда дәптер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қарындаштар мен қаламдар, сурет дәптері, ұштағыш, желім және басқа да қажетті заттар үлестірілді.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы тамыз айының соңына дейін Шымкент қаласындағы бес аудандық мешітте жалғасын табады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
13.08.2026
72
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру