ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Той-тәрбие мектебі» тақырыбында асабалармен арнайы жиын өтті.
Басқосуда той мәдениеті, асабалардың қоғамдағы жауапкершілігі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ысырапшылдықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
Жиынға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері және өңір асабалары қатысты.
Бас имам өз сөзінде той-томалақтарда әдеп пен тәртіпті сақтау, ысырапшылдыққа жол бермеу, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар асабалардың халық алдында сөз сөйлеу мәдениеті, жиын-тойларда әдеп нормаларын сақтау және жастар тәрбиесіне оң ықпал етуі сөз болды. Қатысушылар асабаның тек көңіл көтеру шарасын ұйымдастырушы емес, ұлттық әрі рухани құндылықтарды дәріптеуге үлес қосатын тұлға ретіндегі жауапкершілігін атап өтті.
Кездесу соңында той мәдениетін қалыптастыру, ысырапшылдықтың алдын алу және жас ұрпақ тәрбиесіне оң ықпал ету бағытындағы жұмыстарды бірлесе жалғастыру туралы пікір алмасты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
13.08.2026
63
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру