Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Алматы облысында «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өтті.
Аталған жиынға Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Айтбайұлы , Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, аудан-қала имамдары, теолог-дінтанушылар, студенттер және сала мамандары қатысты.
Басқосуда Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы дәстүрлі діни танымды сақтау және жастардың рухани тәрбиесін күшейту мәселесіне тоқталды. Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Ақылбекұлы мемлекет пен діни институттар арасындағы өзара іс-қимылдың маңызына назар аударды.
Жиында профессор Шамшәдин Керім, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Сұлтан Нұрғайыпұлы , доцент Имаммәди Түсіпхан және Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы баяндама жасады.
Баяндамаларда дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбиені нығайту, қазақ мұсылмандығының ерекшеліктері, діни сауаттылықты арттыру және жат діни ағымдардың алдын алу мәселелері талқыланды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
07.08.2026
113
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру