Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінде жастар ісіне жауапты мамандардың жиыны өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 07.08.2026 68 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітінде жастар ісіне жауапты мамандардың жиыны өтті

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының Бас имамы Нұрбек Әуесханұлының қатысуымен «Білімді жастар – ел болашағы» тақырыбында жастар ісіне жауапты мамандардың жиыны өтті.

Жиынға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы, Астана қаласы Жастар ісі секторының жетекшісі Шалқар Жолды, сондай-ақ мешіттердің жастар ісіне жауапты мамандары қатысты.

Басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Төралқа мәжілісінде берген тапсырмалары талқыланып, жастармен жұмысты жүйелеу, олардың діни сауатын арттыру және рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейту мәселелері қаралды.

Сонымен қатар қазан айында өтетін ІІІ Республикалық жастар форумы, «Жастар әдебі» тұжырымдамасы және «Жас еріктілер» қозғалысының жұмысын жүйелеу бағыттары сөз болды.

Жиын соңында жастармен жұмысты заман талабына сай жетілдіру, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ заманауи технологияларды тиімді пайдалану бойынша алдағы міндеттер айқындалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру