Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Діни сараптама бөлімі өңірлік мамандармен онлайн жиналыс өткізді

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 05.08.2026 431 0 пікір
ҚМДБ Діни сараптама бөлімі өңірлік мамандармен онлайн жиналыс өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни сараптама бөлімінің өңірлердегі жауапты мамандарымен онлайн жиналыс өтті.

Жиында Діни сараптама бөлімінің қызметін жетілдіру, діни сараптама жүргізу тәртібі мен талаптарын жүйелеуге арналған әдістемелік кітапша әзірлеу мәселелері талқыланды. Аталған кітапшада діни сараптаманың негізгі қағидалары, жүргізу тәртібі, өңірлік мамандардың міндеттері мен жұмыс алгоритмдері қамтылатын болады.

Сонымен қатар, діни дүкендері жоқ немесе олардың саны аз өңірлерде мешіт жанынан діни дүкендер ашу және олардың санын арттыру мәселесі көтерілді. Дүкендерде негізінен ҚМДБ-ның «Muftiyat» баспасынан жарық көрген және ҚМДБ-ның оң діни сараптама қорытындысын алған әдебиеттерді ұсыну қажеттігі айтылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша әдістемелік кітапшаны әзірлеу үшін өңірлердегі тәжірибелі мамандардың қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобына сараптамалық тәжірибені біріздендіру және өңірлік мамандарға арналған практикалық ұсынымдар әзірлеу міндеті жүктелді.

Сондай-ақ мешіттер жанындағы кітап сөрелері мен діни дүкендер, медресе-колледждер, Құран сауат ашу және діни сауаттылық курстары, намазханалар, түзеу мекемелері және өзге де діни әдебиеттер таратылатын орындарда жүйелі бақылау жүргізу мәселесі қарастырылды.

Жиын соңында өңірлік мамандарға аталған бағыттар бойынша жұмысты жүйелі жүргізу, анықталған мәселелер жөнінде Діни сараптама бөліміне уақтылы ақпарат беру және діни әдебиеттердің ҚМДБ ұстанымы мен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес таралуын қамтамасыз ету тапсырылды.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру