Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде қабылдау басталды

Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 04.08.2026 73 0 пікір
«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде қабылдау басталды

Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде талапкерлерге арналған қабылдау емтиханы басталды.

Емтиханның өту барысын ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің орынбасары Серікбол Аршабаев бастаған арнайы комиссия бақылауда. Комиссия құрамында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы және медресе-колледж директоры Жарбол Болатұлы бар.

Биыл оқу орнына 53 талапкер құжат тапсырды. Олардың қатарында Қасиетті Құранды толық жаттаған бес қари және жоғары оқу орындарын тәмамдап, діни білімін тереңдетуге ниет білдірген азаматтар бар.

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжі дәстүрлі діни білім негізінде білікті имамдар мен дін мамандарын даярлау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру