Батыс Қазақстан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен «Имани жаз – 2026» жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.
Жазғы демалыс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу мақсатында ұйымдастырылған курс өңірдегі мешіттер жанында өтіп, балалар мен жасөспірімдердің рухани тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуде.
Курс барысында шәкірттерге Құран әліппесі, Құран оқу негіздері, ислам әдебі, имандылық тәрбиесі, ата-анаға құрмет, Отанды сүю, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық секілді маңызды тақырыптар бойынша дәрістер жүргізіледі.
Сонымен қатар балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі танымдық ойындар, спорттық жарыстар және рухани-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасалуда.
«Имани жаз» курсы жыл сайын жүздеген баланы қамтып, олардың білім алып, жаңа достар тауып, пайдалы ортада тәрбиеленуіне мүмкіндік беріп келеді. Биыл да курсқа қатысуға ниет білдірген балалар саны артып, мешіттерде сабақтар қарқынды түрде басталды.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
03.06.2026
103
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру