Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Алматы Орталық мешітінде балаларға арналған «Имани жаз – 2026» жазғы діни сауат ашу курсының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Игі шараға Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, жазғы демалыс уақытын тиімді пайдаланып, рухани білім алуға ниеттенген шәкірттерге ақ тілегін білдірді. Бас имам балаларға білім жолында табыс тілеп, имандылық пен ізгілікке үндейтін дәрістердің маңыздылығына тоқталды.
Ашылу рәсімі барысында Орталық мешіт ұстаздары балаларды жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, оқу бағдарламасы мен дәріс кестелерімен таныстырды. Курс аясында бүлдіршіндерге Құран әліппесі, имандылық әліппесі және Ислам әдебі бойынша дәрістер оқытылады. Сонымен қатар рухани-танымдық сабақтармен қатар түрлі тәрбиелік және ойын-сауық шаралары да ұйымдастырылады.
Кішкентай шәкірттерге Алматы Орталық мешітінің ұстаздары мен іс-тәжірибеден өтуші студенттер дәріс береді. Балаларға қажетті оқу құралдары мен әліппе кітаптары тегін таратылды.
Шара соңында қатысушыларға жеміс-жидектер, тәтті шырындар мен балмұздақтар үлестіріліп, білім жолындағы қадамдарына ақ баталар берілді.
Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша барлық мешіттерде «Имани жаз – 2026» жобасы аясында балаларға арналған тегін жазғы діни сауат ашу курстарына қабылдау жүргізіліп, бекітілген кестеге сәйкес дәрістер басталды.






































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
03.06.2026
186
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру