Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте балалар күніне арналған шара ұйымдастырылды

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.06.2026 79 0 пікір
Шымкентте балалар күніне арналған шара ұйымдастырылды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында 1 маусым – Балалардың құқықтарын қорғау күніне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, ардагер имам Бекайдар Әміре, Айбек Азимбаев бастаған имамдар, сондай-ақ қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері мен Жастар ісі секторының мамандары қатысты.

Мерекелік іс-шаралар қаладағы бірнеше орындар мен саябақтарда жалғасын тапты. Қайырымдылық акциясы барысында 550 балаға балмұздақ, түрлі тәттілер мен сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар балаларға әткеншек пен ойын алаңдарында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, ерекше көңіл-күй сыйланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру