Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зекет: Еріктілерге арналған арнайы дайындық семинарлары өтті

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры 26.05.2026 56 0 пікір
Зекет: Еріктілерге арналған арнайы дайындық семинарлары өтті

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында қайырымдылық шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында еріктілерге арналған арнайы дайындық семинарлары өтті. 

Кездесу барысында құрбандық етін қабылдау, сұрыптау және мұқтаж отбасыларға тарату тәртібі, сондай-ақ қауіпсіздік пен санитарлық талаптарды сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Семинар барысында “Зекет” қорының директоры Құрбан айт күндері жүзеге асырылатын қайырымдылық іс-шаралардың маңызына тоқталып, еріктілерге жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар бұл игі істің қоғамдағы мейірім мен жанашырлықты арттырудағы рөлі ерекше екені атап өтілді.

Аталған бастама жастардың еріктілік қызметке қызығушылығын арттырып, өзара көмек пен қайырымдылық мәдениетін нығайтуға бағытталған.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру