Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлының төрағалығымен қасиетті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыруға арналған облыс имамдарының алқалы жиыны өтті.
Жиынға қала және аудан бас имамдары мен ҚМДБ-ның негізгі бағыттарына жауапты имамдар қатысты.
Басқосуда Құрбан айт күндеріндегі діни рәсімдерді талапқа сай өткізу, қайырымдылық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру және халыққа сапалы діни қызмет көрсету мәселелері талқыланды.
Облыстың бас имамы құрбандық шалуда ысырапқа жол бермеу, шалынған мал етін мұқтаж отбасыларға уақытылы жеткізудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ биыл құрбан шалу рәсімдері QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн және офлайн форматта қабылданатынын айтып, халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жиында мал сою орындарының санитарлық талаптарға сәйкестігі, қауіпсіздік шаралары, кезекшілік жұмыстары, сондай-ақ «Дін мен дәстүр», діни оқу-ағарту, жат ағымдардан сақтандыру бағытындағы жұмыстар сөз болды.
Сонымен қатар жазғы имани сауат ашу курстарын ұйымдастыру, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбие жұмыстарының мазмұнын жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Жиын соңында бас имам барша мешіт қызметкерлерін Құрбан айт мерекесін ұйымшылдықпен өткізуге шақырып, жауапкершілік пен ауызбіршіліктің маңызын атап өтті.






















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
26.05.2026
50
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру