Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау өңірінде республикалық ақпараттық-насихат тобы өкілдері жұма уағызын жүргізді

Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 08.05.2026 56 0 пікір
Атырау өңірінде республикалық ақпараттық-насихат тобы өкілдері жұма уағызын жүргізді

Атырау өңіріне арнайы іссапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының өкілдері облыс мешіттерінде жұма уағызын жүргізді.

«Отанды сүю – иманнан» тақырыбында өткен жұма уағыздарында дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлт бірлігі, рухани құндылықтар мен қоғамдағы татулық мәселелері кеңінен насихатталды.

Атап айтқанда, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, исламтанушы ғалым Сансызбай Құрбанұлы «Иманғали» орталық мешітінде жұма уағызын айтты.

Сонымен қатар ҚМДБ төрағасының кеңесшісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков Жылыой аудандық «Мұсылмандар» мешітінде, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы ғалым Батыржан Берденұлы «Құспан молла» мешітінде, исламтанушы Бауыржан Ергешұлы Махамбет аудандық «Исатай-Махамбет» мешітінде, РАНТ мүшесі Ғазиз Нұртайұлы Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінде уағыз жүргізді.

Сондай-ақ исламтанушы-теолог, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі Ерсін Әміре «Парасат» мешітінде, РАНТ мүшесі Юнус Қадырғұл «Бақтыгерей молла» мешітінде, исламтанушы Нұралы Бақытұлы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде, РАНТ мүшесі Қуаныш Тоқсанбайұлы Исатай аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітінде насихат айтты.

РАНТ мүшесі Серікхан Рымханұлы Индер аудандық «Әйіп қажы» мешітінде, исламтанушы-теолог Әділхан Әлиханұлы «Әт-Тақуа» мешітінде, исламтанушы-теолог Жүсіп Шұғайыпұлы Мақат аудандық «Мақат мұсылмандары» мешітінде, исламтанушы-теолог Руслан Қайыргелді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде жұма насихатын жүргізді.

Сонымен бірге исламтанушы, РАНТ мүшесі Айболат Теміров «Ихсан» мешітінде, исламтанушы, РАНТ мүшесі Жексенбай Жұмаділлаұлы Қызылқоға аудандық «Бәйтерек» мешітінде, РАНТ мүшесі Ерлан Кенжин «Қайтпай сұлтан» мешітінде, ал РАНТ мүшесі Қанағат Қалыбайұлы «Мәулімберген» мешітінде жұма уағызын айтты.

Жұма намазынан кейін ел тыныштығы мен боздақтар рухына арнап дұға жасалды.

Айта кетейік, РАНТ өкілдерінің өңірдегі сапары екі күнге жалғасады. Аталған шара Атырау облысы Дін істері басқармасы, «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры және ҚМДБ Атырау облысы өкілдігінің бірлескен ұйымдастыруымен жүзеге асуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру