Алматы қаласы өкілдігі мен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен қаладағы түзету мекемелеріне ҚМДБ Мүфтият баспасынан жарық көрген 150 дана діни мазмұндағы кітап табысталды.
Игі шараны Әуезов ауданына қарасты «Ақсай» мешіті ұйымдастырды. Кітаптар Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерге таратылып, экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азаматтарды оңалту жұмыстары барысында пайдаланылатын болады.
Сонымен қатар, жазасын өтеушілер арасында радикалды идеологиялардың таралуының алдын алу және деструктивті ағымдардың ықпалына түскен азаматтармен жүргізілетін оңалту жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында ҚМДБ баспасынан арнайы жарық көрген «Құран інжулері» кітабының 150 данасы сыйға берілді.
Аталған кітаптар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапханалары қорына қабылданып, рухани-ағартушылық бағыттағы жұмыстарға қолданылатын болады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
08.05.2026
85
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру