Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде халал бағытындағы аудит және түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ҚМДБ «Халал Даму» орталығы 30.04.2026 77 0 пікір
Өскеменде халал бағытындағы аудит және түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Өскемен қаласында халал стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындарда аудит және түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Атап айтқанда, «Эмиль» балмұздақ және сүт өнімдері кәсіпорнында жоспарлы аудит өткізіліп, өндіріс үдерістері толық тексерілді. Тексеру барысында қолданылатын шикізаттар мен дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі бақылаудан өтті.

Сонымен қатар, қаладағы ірі өндіріс орындарының бірі — «Восток Молоко» сүт фабрикасында жоспарлы айлық аудит жұмыстары басталды. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог маман Гүлмира Марат және эксперт-аудитор Айтмұқан Айтқожаұлы жүзеге асыруда.

Аудит жұмыстарымен қатар, Өскемен қалалық «Әл-Фараби» мешітінде имамдарға арналған «Халал – аманат пен адалдық жолы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас имамы Думан Нәдірұлы мен «Халал Даму» ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы қатысты.

Семинар барысында халал стандарттарын сақтау, адал кәсіп жүргізу, қоғамдағы сенім мен жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Жалпы, өңірде жүзеге асырылып жатқан мұндай бақылау және ағартушылық шаралар халал индустриясының дамуына серпін беріп, тұтынушылар сенімін нығайтуға бағытталған.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру