Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Бекет ата» мешітінің ауласына ағаш көшеті отырғызылды

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.04.2026 69 0 пікір
Маңғыстау: «Бекет ата» мешітінің ауласына ағаш көшеті отырғызылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен барды.

Іссапар аясында қордың өңірдегі жауапты мамандары «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай қолға алынған «35 мың түп ағаш егу» бастамасына белсене қатысты.

Игі шара барысында облыстық «Бекет ата» мешітінің ауласына ағаш көшеті отырғызылды. Шараға дін қызметкерлері қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты аялаудың маңызын насихаттады.

Жалпы, көгалдандыру жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастырып, келешек ұрпаққа таза әрі көркем орта қалдыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып саналады.
       

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру