Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: РАНТ мүшесі уағыз насихат жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.04.2026 87 0 пікір
Шымкент: РАНТ мүшесі уағыз насихат жұмыстарын жүргізді

ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, Серікхан Ахмадиев, Алматы қаласындағы «Ақсай» мешітінің бас имамы Шымкент орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Жоспарға сәйкес, кейін Шымкент медресе колледжінің студенттерімен арнайы кездесу өткізіп, тағылымды дәріс оқыды. Кездесу барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен жарық көрген «Ихсан ілімі» кітабына кеңінен тоқталып, оның мазмұны мен рухани маңызын терең түсіндірді.

Іс-шара соңында Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай арнайы келген ұстазға оқу орнының ұстаздары мен студенттері атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру