Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданындағы «Халифа Омар» мешіті мен қалалық Зекет қоры 2 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Тайқазан» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игі шара барысында Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, қайырымдылық іске қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.
Сондай-ақ «Халифа Омар» мешітінің имамы Жандос Орынбайұлы әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік себеттерін табыстады.
Ұйымдастырушылар кәсіпкер азаматтардың еңбегіне береке, кәсібіне мол табыс тіледі.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру