Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүзеге асырып отырған маңызды жобалардың бірі – «Дархан дала» бастамасы. Аталған жоба халқымыздың тарихи-рухани мұрасын насихаттап, жастардың ұлттық санасын қалыптастыруға және ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталған.
Осы игі жоба аясында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Балғабай Оразханұлы арнайы рухани-танымдық сапар ұйымдастырды. Сапарға қала ақсақалдары, мешіт жамағаты және оқушылар қатысып, қасиетті мекендерді зиярат етті.
Сапар барысында қатысушылар түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістан өңіріне барып, тарихи әрі киелі орындарды аралады. Атап айтқанда, Ұлытау өңіріндегі Жошы хан кесенесіне, Отырардағы Арыстан баб кесенесіне және күллі мұсылман жұртшылығына белгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап, бабалар рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Сонымен қатар, ежелгі өркениет ошағы – Отырар қалашығының тарихымен танысты.
Рухани сапар барысында қатысушылар қазақ халқының тарихы, елдің қалыптасу кезеңдері, ұлт зиялылары мен діни қайраткерлердің өнегелі өмірі туралы тағылымды мәліметтер алды. Әсіресе, жастар үшін бұл сапар тарихи танымды арттырып, туған жерге, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраға деген құрметті күшейтетін маңызды тәрбие алаңына айналды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
28.04.2026
76
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру