Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында мешіт жамағаттары арасында волейболдан әсерлі әрі тартысты жарыс ұйымдастырылды. Спорттық шара ҚМДБ жариялаған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында өтіп, жамағат арасында ауызбіршілік пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Жарыстың ұйымдастырушысы – Алтай аудандық «Ақтан» мешіті. Аталған додаға аудан мешіттерінің жамағаттары қатысып, өзара бақ сынасты.
Шара барысында ауданның бас имамы Мирас Көкебаев қатысушыларға арнап сөз сөйлеп, мұндай спорттық бастамалардың жамағат арасындағы татулықты арттырып, жастарды спорт пен белсенді өмір салтына баулудағы маңызына тоқталды.
«Ислам – тазалық пен тәртіп діні. Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табуы тиіс», – деді бас имам.
Жарыс барысында командалар жоғары дайындықтарын көрсетіп, жанкүйерлерге тартысты әрі қызықты ойын сыйлады. Әділ бәсеке мен спорттық рух айқын сезілді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – «Халифа Алтай» мешіті жамағаты
ІІ орын – Тарбағатай жамағаты
ІІІ орын – Үлкен Нарын жамағаты
Жеңімпаз командалар арнайы марапатталып, алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.
Аталған спорттық шара жамағат арасындағы достық пен бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
28.04.2026
73
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру