Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Зираттарда тазалық жұмыстары жүргізілді

Жетісу облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі 27.04.2026 62 0 пікір
Жетісу: Зираттарда тазалық жұмыстары жүргізілді

Жетісу облысы бойынша ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» мекемесінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы зираттарда тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен өткен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты тазалық шарасына Талдықорған қаласының бас имамы Жансерік Өмірсерікұлы мен өңірлік «Qamqor-Sharapat» мекемесінің меңгерушісі Юсуф Мұратұлы ұйытқы болды. Игі іске қала мешіттерінің имам-ұстаздары, жамағат және ерікті жастар белсенді түрде атсалысты.

Шара барысында қала аумағындағы зираттар қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді. Тазалық жұмыстары аяқталғаннан кейін марқұмдар рухына Құран бағышталып, дұға жасалды.

Аталған бастаманың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында зират мәдениетін қалыптастыру, қоғамды тазалыққа, жауапкершілікке және рухани құндылықтарға үндеу болып табылады.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру