Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Бекет ата» мешітінде халал жәрмеңке өтті

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 27.04.2026 52 0 пікір
Маңғыстау: «Бекет ата» мешітінде халал жәрмеңке өтті

ҚМДБ «Халал даму» бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде халал жәрмеңке өтті.

Қасиетті жұма күні өткен игі шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатына ие өңір кәсіпкерлері өз өнімдерін жамағатқа ұсынды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – халыққа халал әрі сапалы өнімдерді кеңінен таныстырып, адал кәсіпті насихаттау.

Жәрмеңкеге келген жамағат ұсынылған өнімдердің сапасымен танысып, оларды қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, халал стандарттарының маңыздылығы түсіндіріліп, адал ас – рухани тазалықтың негізі екені кеңінен насихатталды.

Бұл бастама жергілікті кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайтып, халал индустрияның дамуына серпін беретін маңызды шараға айналды.
     

 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру