23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Ұлттық Құрылтайда қоғамда оқу мәдениетін дамыту жөнінде бастама көтерген болатын. Президент тапсырмасы негізінде бұл күн ресми түрде атаулы дата ретінде бекітілді.
Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы Абай ауданындағы Кенесары хан мешіті мешітінде тағылымды шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жамағат арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, дәл осындай кітап оқуға үндеу шаралары Гауһар ана мешіті, Тәжібай ата мешіті және Бозарық мешіті мешіттерінде де ерекше форматта ұйымдастырылды.








































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
24.04.2026
70
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру