Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда «Аталар мектебі» өкілдерінің басқосу жиыны өтті

Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 22.04.2026 138 0 пікір
Атырауда «Аталар мектебі» өкілдерінің басқосу жиыны өтті

Атырауда «Аталар мектебі» өкілдерінің басқосу жиыны өтті. Жиын «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлының тапсырмасымен «Анашым» мешітінде ұйымдастырылды.

Кездесуге ҚМДБ жанындағы «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша жауапты маман, «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Мағжан Игенбайұлы қатысып, тағылымды ойларымен бөлісті. Ол өз сөзінде отбасы құндылықтарын нығайту, ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі және ұлттық дәстүрдің маңыздылығына тоқталып, «Аталар мектебінің» қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, жастарға бағыт-бағдар берудегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар, мешіттер мен имамдар арасындағы тығыз байланысты күшейту қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ жиында «Анашым» мешітінің имамы Айдын Талғатұлы сөз сөйлеп, қоғамдағы бірлік пен рухани тәрбиенің маңызына назар аударды.

Басқосу барысында ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, заңгер Абат Шәкірұлы да пікір білдіріп, отбасылық институтты сақтау мен жастарға дұрыс бағыт беру мәселелерін көтерді.

Жиында ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, әке тәрбиесі және қоғамдағы үлкендердің өнегесі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, «Аталар мектебі» аясында атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарлар нақтыланды.

Жиын соңында аталар жас сәбидің тұсауын кесіп, ақ баталарын берді. Бұдан кейін арнайы дастархан жайылып, дін мен дәстүр, руханият тақырыптарында еркін пікір алмасу өтті. Қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру