Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» атты семинар өтті

Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 20.04.2026 216 0 пікір
ШҚО: «Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» атты семинар өтті

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ислам және ұлттық дәстүр – адал қоғамның қос тірегі» атты семинар өтті.

Шараға мешіт шәкірттері, әжелер, көпбалалы аналар, қоғамдық ұйым өкілдері және ғылым жолындағы әйел-қыздар қатысты.

Семинарға «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің» профессоры, PhD докторы Майра Тарлаубай, «Дәстүрге жол қазақ аналары» ұйымының Өскемен қалалық төрайымы Маржан Хасенова және «Nur Sana» білім орталығының жетекшісі Нұрия Темірханова қатысып, баяндама жасады.

Жиында ислам құндылықтары мен қазақтың салт-дәстүрін ұштастыру, отбасы тәрбиесі, әйелдің қоғамдағы рөлі және адал қоғам қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру