Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті базасында 6–17 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «Діни білім беру және заманауи ғылым: дәстүр мен инновация» атты ғылым апталығының жабылу іс-шарасы өтті.
Аталған жиынға университет ректоры Ахмед Хусейн Мұхамед Ибраһим және проректор, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғар қатысты.
Іс-шара барысында университет ректоры ғылым апталығы аясында атқарылған жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, оның оқу орнының ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға ықпал еткенін атап өтті. Сонымен қатар, аталған бастаманы жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан профессор-оқытушылар құрамына, ғылыми және әкімшілік қызметкерлерге алғыс білдірді.
Жиын барысында университет проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар 2020–2026 жылдар аралығындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі көрсеткіштерін таныстырып, ғылым саласында нәтижелі еңбек еткен бірқатар ғалымдарды марапаттады.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.04.2026
258
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру