Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Той – дарақылық, жаназа – бәсеке емес» атты облыстық форум өтті

Маңғыстау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 17.04.2026 218 0 пікір
Маңғыстау: «Той – дарақылық, жаназа – бәсеке емес» атты облыстық форум өтті

ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Той – дарақылық, жаназа – бәсеке емес» атты облыстық форум өтті.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйым басшылары, ақсақалдар, асабалар және дін қызметкерлері қатысты. Форум қасиетті Құран аяттарымен басталды.

Іс-шараны облыстың Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жүргізіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Одан әрі сөз қоғам қайраткерлері мен арнайы шақырылған қонақтарға берілді.

Жиында ҚР ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Өмірзақ Өзғанбайұлы отбасы құндылықтары туралы баяндама жасады. Ал ҚМДБ Бас мүфтиінің кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Сондай-ақ облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Серікбай Құдайбергенұлы мен қажылар қауымдастығының төрағасы Қуанышбек Спанұлы ұлттық құндылықтарды сақтау және ысырапшылдықтың алдын алу жөнінде пікір білдірді.

Форум барысында Әнуар Ізімбайұлы «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу: тәртібі мен мәзһабы» тақырыбында баяндама жасап, дініміздегі үнемшілдік қағидаларын түсіндірді. Ал қоғам белсендісі Жәнібек Қожық «Қазақ тойының мәдениеті» тақырыбында ой қозғады.

Асабалар атынан Сәттіғұл ағамыз сөз сөйлеп, той мәдениетіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, ысырапшылдық пен жөнсіз бәсекеге жол бермеу қажеттігін атап өтті.
                

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру