Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда имамдарына арналған семинар өтті.
Семинар барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік желілер арқылы таралатын жат ағымдардың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және халыққа дұрыс бағыт-бағдар беру мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын аясында әлеуметтік желіні тиімді қолдану әдістемесіне арналған шеберлік сабағын медиа маманы, «Muslim.kz» сайтының бас редакторы Еркін Шәкірұлы өткізді. Қатысушыларға әлеуметтік желінің қоғам өміріндегі маңызы жан-жақты түсіндіріліп, оның даму кезеңдері мен бүгінгі қолданыс аясы кеңінен баяндалды.
Сонымен қатар, жалған ақпараттың алдын алу үшін мәліметтің шынайылығын тексерудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Әлеуметтік желіні діни-ағартушылық бағытта тиімді пайдалану, аудиториямен жүйелі байланыс орнату және сапалы контент ұсыну жолдары қарастырылды.
Сондай-ақ, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен оны жауапкершілікпен қолдану қажеттігі сөз болды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
muslim.kz
17.04.2026
81
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру