Атырау қаласында ҚМДБ Әйел-қыздар секторының және «Сырлы сұхбат» әйелдер клубының ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты тағылымды киімдер көрсетілімі өтті.
Іс-шара барысында қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерінің ерекшелігі кеңінен насихатталып, соның ішінде кимешек пен өзге де дәстүрлі киім үлгілерінің мән-мағынасы жан-жақты түсіндірілді. Ұлттық киімнің тек сәндік бұйым емес, халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы екені ерекше атап өтілді.
Кеш аясында тәжірибелі әжелер – Төлеушева Жібек пен Гүлжан Жүзжасарқызы сынды ісмер жандар өз қолдарымен тіккен кимешек түрлерін көпшілік назарына ұсынып, олардың жасалу жолдары мен ерекшеліктері туралы баяндады. Көрсетілім қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттырды.
Шара соңында ұйымдастырушылар ұлттық мұраны дәріптеу – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
30.03.2026
493
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру