Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Жасанды интеллект бойынша арнайы семинар өтті

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 30.03.2026 470 0 пікір
Шымкент: Жасанды интеллект бойынша арнайы семинар өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Цифрлық кеңістіктегі жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен қолдану тәжірибесі» атты дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинарға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы аясында ҚМДБ-ның Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы Орынханов арнайы қатысып, жаңа бағыт пен саланың мүмкіндіктері туралы дін қызметкерлеріне дәріс оқыды.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты мәлімет алды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар соңында қала Бас имамы Бақдәулет Абдрахманов сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру