Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Абай облысы өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Әсем әуезді азаншы» атты облыстық азан байқауы өтті.
Сауабы мол сайысқа Абай облысының әр өңірінен келген 25 қатысушы қатысып, өзара бақ сынады.
Жарыстың ашылу рәсімінде Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
Байқауға Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіттің имам-ұстаздары қазылық етіп, қатысушылардың өнерін әділ бағалады.
Сайыс жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздар финалдық кезең қорытындысы бойынша анықталды. Қатысушылардың өнері азан айту мақамы, дауысының көркемдігі, тәжуид ережелерін сақтау деңгейі, азанға қатысты сұрақтарға жауап беруі және сыртқы келбеті бойынша бағаланды.
Жарыс қорытындысы бойынша Абай Құнанбайұлы мешітінің жамағаты Қалымхан Айболат бас жүлдені иеленіп, Ұмра қажылығына жолдамаға қол жеткізді. І орынды Аягөз ауданынан келген Оралқажы Шыңғыс иеленіп, оған бір жылқы сыйға берілді. Ал жүлделі ІІ және ІІІ орындарды Үржар және Көкпекті аудандарынан келген Даниялов Сырым мен Кенжебекұлы Әділбек иеленіп, тиісінше 100 000 және 50 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықтарға ие болды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
19.03.2026
422
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру