Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бас имам Лисаков қаласында

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.03.2026 391 0 пікір
Қостанай: Бас имам Лисаков қаласында

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы қасиетті Рамазан айында арнайы іссапармен Лисаков қаласына барды.

Сапар барысында Бас имам жергілікті «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітіндегі ауызашарға қатысып, тарауық намазы алдында жамағатқа насихат айтты.

Аталған мешітте «TAWAF TRAVEL» қажылық компаниясының атынан үш азаматқа Ұмра қажылығына жолдама табысталды.

Атап айтқанда, көп жылдар бойы мешіт қызметіне адал еңбек еткен ардақты ана Қымбат Қалиқызы, дін жолында жемісті қызмет атқарып жүрген наиб имам Ақжол Дарханұлы және жанашыр азамат Дәулет Айтпаев қасиетті сапарға жолдама алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру