Нұр-Мүбарак мешітінде дәстүрге айналған «Ғажап Рамазан» сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Қасиетті ай бойы жалғасқан рухани дода қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.
Аталған сайыс – еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысуға мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Осыған орай жеңімпаздар түрлі бағыттар мен санаттар бойынша анықталды. Соның бірі – Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне арналған арнайы байқау.
Аталған номинация жеңімпаздарын Нұр-Мүбарак университетінің ректоры Ахмад Хусейн Мұхаммад Ибраһим мен проректор Ершат Ағыбайұлы арнайы марапаттап, жастарға жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Студенттер арасындағы жеңімпаздар:
-
І орын – Малайзия еліне жолдама
Мағауия Айқын (1-курс, Исламтану, ЖИМ) -
ІІ орын – Индонезия еліне жолдама
Оразымбетов Алмат (2-курс, Исламтану, Алиф) -
ІІІ орын – Түркия еліне жолдама
Мақтабек Мағжан (1-курс, Исламтану, Алиф)
Сонымен қатар, сайыс республикалық деңгейде ұйымдастырылғандықтан, еліміздің әр өңірінен келген қатысушылар арасынан да үздіктер анықталды.
14 жастан асқан ұлдар санаты бойынша:
Берік Шаяхметов (Ақтөбе қаласы) – 500 000 теңге
14 жастан асқан қыздар санаты бойынша:
Сағатова Гүлжаухар – 500 000 теңге
14 жасқа дейінгі балалар санаты бойынша:
Еркін Ержанұлы (Шымкент қаласы) – 300 000 теңге
Бұл игі шара Рамазан айының рухани мәнін терең ұғындырып, қатысушыларды жақсылыққа, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелеуге бағытталған маңызды жоба болды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
19.03.2026
400
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру