Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

100 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры 18.03.2026 360 0 пікір
100 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді

Қасиетті Рамазан айында Ар Рахман мешіті мен ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының бірлескен бастамасы аясында 100 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.

Игі шараның басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және қайырымдылық мәдениетін кеңінен насихаттау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір таратылған себет – мұқтаж жандарға көрсетілген шынайы қамқорлықтың, мейірім мен жанашырлықтың нақты көрінісі. Осындай қайырлы істер қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, адамдарды игілікке үндейтіні анық.

Рамазан – мейірім мен қайырымдылық айы. Бұл айда жасалған әрбір игі іс сауапқа толы болып, қоғамға берекесін тигізері сөзсіз.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру