Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда Қадір түнінде мешіттерге 30 мыңға жуық жамағат жиналды

Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 17.03.2026 437 0 пікір
Атырауда Қадір түнінде мешіттерге 30 мыңға жуық жамағат жиналды

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Атырау облысындағы мешіттерде жамағат көптеп жиналып, берекелі түнді құлшылықпен өткізді. Өңір бойынша мешіттерге келген жамағаттың саны 30 мыңға жуықтады.

Бұл түні мұсылмандар Құран Кәрім оқып, дұға жасап, нәпіл намаздар орындап, Жаратушыдан кешірім тіледі. Сонымен қатар мешіттерде жамағатпен бірге тарауих намаздары оқылып, Құран хатым дұғалары жасалды.

Берекелі кеш барысында жамағат ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру