Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Халифа Алтай» мешітінде қарилармен сұхбат өтті

Шығыс Қазақстан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 17.03.2026 416 0 пікір
ШҚО:  «Халифа Алтай» мешітінде қарилармен сұхбат өтті

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қари Қуаныш Кенешбай мен жас қари Ахмет Нұрланұлы жамағат алдында арнайы сұхбат берді.

Сұхбат барысында қарилар Құран жаттаудың маңызы, қарилық жолдың жауапкершілігі және қасиетті Құранды жүрекке тоқу үшін сабыр мен тұрақты еңбектің қажеттігін атап өтті. Қари Қуаныш Кенешбай өз сөзінде Құран оқып, оны жаттаудың мұсылман өміріндегі орны ерекше екенін айтып, жамағатты қасиетті кітаппен байланысын күшейтуге шақырды.

Ал жас қари Ахмет Нұрланұлы Құран жаттау жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, бұл жолда ұстаз тәлімі мен ата-ананың қолдауының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ол жастарды уақытты тиімді пайдаланып, Құран үйренуге, дін мен білімді қатар алып жүруге үндеді.

Аталған сұхбат облыстық мешіттің әлеуметтік желідегі парақшалары мен ресми сайтында жарияланып, жамағаттың үлкен қызығушылығын тудырды. Тағылымды кездесу Құранға деген құрметті арттырып, жастарды қасиетті кітапты жаттауға ынталандыруға бағытталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру