Қасиетті Қадір түні қарсаңында Алматы облысы Қапшағай қаласындағы орталық мешітте ерекше игі шара өтті. Мешіттің қари ұстазы Нираков Абдунасир Тайырұлына жамағаттың қолдауымен автокөлік сыйға тартылды.
Игі бастама Құранға қызмет етіп жүрген қариларға құрмет білдіру және олардың еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімде автокөліктің кілтін Алматы облысының Бас имамы Мадияр Тағайбайұлы табыстап, қариға алғысын білдірді.
Шара барысында жамағатқа Қадір түнінің қадір-қасиеті туралы тағылымды уағыз айтылып, дін қызметкерлеріне құрмет көрсету – мұсылман қоғамындағы игі дәстүр екені кеңінен насихатталды. Сонымен қатар мешіт қызметкерлері мен дін жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс хаттар табысталды.
Кеш аясында жамағат арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар берілді. Сондай-ақ қасиетті түнге орай жиналған жамағатқа сәресі дастарханы жайылып, бірлік пен бауырмалдықтың жарқын көрінісі байқалды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
17.03.2026
458
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру