Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде қасиетті Қадір түніне орай жамағат арасында танымдық викториналық сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.
Қызықты әрі тартысты өткен шара барысында қатысушыларға фиқһ, ақида, Құран ілімі, ислам тарихы және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өміріне қатысты мазмұнды сұрақтар қойылды. Жылдам әрі нақты жауап берген жамағат мүшелері ерекше белсенділік танытып, білім деңгейлерін көрсетті.
Танымдық ойынды мешіт ұстаздары Әбдіқадір Сейтқали мен Дәулет Жанарбекұлы жүргізіп, қатысушыларға бағыт-бағдар берді.
Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен жамағатқа алғыс хаттар табысталып, «Рамазан бокс» және өзге де бағалы сыйлықтар ұсынылды.















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
17.03.2026
368
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру