Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Республикалық Бас мешітте «Рамазан сыйы» үлестірілді

Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі 10.03.2026 353 0 пікір
Республикалық Бас мешітте «Рамазан сыйы» үлестірілді

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына және қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған қайырымдылық сөмкелері таратылды.

Игі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Шараға қатысқан Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Юсуф Аккуш жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мұндай игі бастамалар екі ел арасындағы бауырластық байланыстарды одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру