Қасиетті Рамазан айында Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиевтің бастамасымен, «Ер Едіге» жыр мектебі мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен «Шабыт» бизнес орталығында «Пайғамбар жыры» кітабының таныстырылымы өтті.
Кітап авторы – ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин. Автор бұл еңбекті жазуға бес жыл уақыт жұмсаған. «Пайғамбар жыры» – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолын қазақтың жыраулық дәстүрімен жыр түрінде баяндаған ерекше туынды.
Шара барысында жыр мектебінің шәкірттері жырдан үзінділер орындап, жыраулық өнердің тағылымды үлгілерін ұсынды. Сондай-ақ ақтаулық жырау Бақтыбай Елеусінов жаңа кітаптың желісі бойынша жыр орындады.
Кеш барысында авторға құрмет көрсетіліп, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Боран Оңғарұлы «Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев» атындағы «Мерей» медалін табыстады. Сонымен қатар облыстың бас имамы Амантай Садиевтің атынан алғыс хат беріліп, қазақы дәстүрмен шапан жабылды.
Шара соңында ҚМДБ-ның «MUFTIYAT» баспасынан шыққан бірқатар кітаптардың таныстырылымы мен жәрмеңкесі ұйымдастырылды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
10.03.2026
500
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру