Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Батыс Қазақстанда мұқтаж отбасыларға «Рамазан себеттері» таратылды

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 10.03.2026 386 0 пікір
Батыс Қазақстанда мұқтаж отбасыларға «Рамазан себеттері» таратылды

Батыс Қазақстан облысында қасиетті Рамазан айының құрметіне орай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, мұқтаж отбасыларға «Рамазан себеттері» таратылды.

Игі шара аясында азық-түлік салынған себеттер әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға үлестірілді. Қайырымдылық көмектің басты мақсаты – қасиетті айда мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру.

Шараға мешіт қызметкерлері мен еріктілер қатысып, тұрғындарға азық-түлік жеткізуге атсалысты. Осындай игі бастамалар Рамазан айында тұрақты түрде ұйымдастырылып, қоғамдағы бірлік пен қайырымдылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру