Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда «Рамазан – Құран түскен ай» атты облыстық Құран сайысы өтті

Атырау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 10.03.2026 279 0 пікір
Атырауда «Рамазан – Құран түскен ай» атты облыстық Құран сайысы өтті

Атырау облыстық Иманғали орталық мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айы аясында «Рамазан – Құран түскен ай» атты облыстық Құран Кәрім сайысы өтті. Байқауға облысқа қарасты қала және аудан мешіттерінен келген 40 шәкірт қатысып, бақ сынады.

Сайыс Құран Кәрімнің 30-шы парасын және жарты парасын жатқа айту номинациялары бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар Құран аяттарын жатқа айтудағы шеберліктерін көрсетіп, өзара сынға түсті.

Шара барысында Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жиналған жамағатқа насихат айтып, сайыстың негізгі мақсатына тоқталды. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айының рухани құндылықтарын атап өтіп, Құран ілімін үйренудің маңыздылығын жеткізді. Сонымен қатар шараның өтуіне қолдау білдірген демеушілерге алғысын білдірді.

Сайыс қорытындысы бойынша жарты параны жатқа айту номинациясында:
• ІІІ орын – Ерлан Нұржанұлы
• ІІ орын – Қадырғали Дарын
• І орын – Тілепберген Данияр иеленді.

Ал 30-шы параны, яғни бір параны толық жатқа айту номинациясында:
• І орын – Бекзат Бауыржанұлы
• ІІ орын – Талғат Сейілханұлы
• ІІІ орын – Ерқанат Әділханұлы жеңімпаз атанды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру