Семей қаласында Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстың зиялы қауым өкілдеріне, ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге, студенттерге және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға арналған ауызашар дастарханы жайылды.
Рухани кеш барысында Абай облысының Бас имамы жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бұл айдың мейірім мен жақсылыққа, кешірім мен қуанышқа үндейтін ерекше кезең екенін атап өтті. Сондай-ақ, Абай облысы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қаржылай көмек табысталды. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіт жанындағы студенттер үйінің ұстазы Қажытаев Еділге үлкен қажылыққа жолдама берілді.
Дастархан басында күй күмбірлеп, ұлттық дәстүрге сай жарапазан айтылып, өнерпаздар жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Семей қалалық «Дариға-ай жастар» театрының әртістері арнайы келіп, тағылымды көрініс ұсынды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай облысы өкілдігінің Баспасөз қызметі
alashdin.kz
02.03.2026
503
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру